Kosmos элина.. 1-бөлім

Kosmos

Элина..

1-бөлім
Кеше ғана жауған қар бүгін әдемі болып, көзге ерекше көрініп тұр. Түн болғандықтан ба қар жылтырлап, аспандағы жұлдыздар әр жерден жарқ-жұрқ етіп, керемет көрініс құрап тұрғандай.. Арасында суық қар денеңнен сырқырап өтеді. Осындай ызғарлы күнге қарамай жас жігіт басына түк кимей, үстіне спартивкамен келеді. Жігіттің тоңғаны бетінің қызарғанынан айдай анық көрініп тұр. Қасынан өткен адамдар бір біріне сыбырлап, “Қазіргі жастарға тек мода керек”-деп өсек қылып келеді. Жігіт өзіне айтылғанын да білсе де, үндемей жүгіріп кетті. Қатты жүгірненінің кесірінен ауызына суық ауа кіріп, өңеші ашып тұрды. Діттеген жеріне жеткеннен кейін, терең дем алып, ішке кіріп кетті. Бұл жер жындыхана еді. “Жындыхана ” деген сөз адамға оғаш естілетіндей. Жындыханаға адамдар жарықта келуге де қорықса, бұл жігіт айлы түнде келіп тұр. Жігіттің есімі-Ривель. Ривель ішке кіріп, бас дәрігердің бөлмесіне келді.

Аяғын үстелдің үстіне қойып, демалып отырған дәрігердің ұйқысын ескертпей ашылған есік бұзды. Есік зу етіп ашылғанда, дәрігер өзінің қалай тұрғанында байқамай қалды. Ривельді көре сала көзін төмен түсірді.. Жігітке қарауға қорқып:-Мырза? -жүрексіне сөйледі.
-Мен сол қызбен кездескім келеді.
-Жындылармен кездесуге болмайды!
-Мен не дедім? Онымен кездесемін.
Дәрігер амалсыз келісіп, дәлізге шықты. Дәліздеге жарық шамалы жанып, адамға үрей туғызады.. Екеуі есігі құлыптанған бөлмеге де жетті. Ривель бір күрсініп, “есікті аш” дегендей қарады. Дәрігер қорыққанын білдіргісі келмей, есікті амалсыз ашты.
-Әңгімеге кедергі болмайын-деп артқа жүріп кетті. Кетіп бара жатып, “уф” деп бір демін алды..

Кішкентай ғана бөлменің бұрышында қыз нүктеден көзін алмастан қарап отыр. Есіктің ашылғанынан аз ғана жарық түсті. Бөлменің ішінде терезе де жоқ. Тар қапас.. Ызғарлы болғандықтан қыз бүрісіп, дірілдеп отырды. Тіпті жігіттің келгенінде байқамады
Ривель шаң басқан жерге отырып, қызға үңіле қарады. Біраз уақыт қарап тұрып, сөз бастады.
-Сен кімсің ? Ривел не айтарын білмей.
Осы дауыстан кейін ғана қыз басын бұрды. Бетінің әр жері жара болып, көгеріп кеткен. Көрген кезде шошып, қасына отыруға да қорқасың. Ривел да біраз қорқып, түріне қарамауға тырысып отыр.
-Эм… Мен адаммын-деп қыз сасқалақтап қалды.
-Адам екеніңді білемін.
-Жоқ білмейсің. Сен мені іштей “жынды” деп ойлап отырсың- көзін төмен түсіре сөйледі.
-Өзің туралы айтшы.
Осы сөзді естіген сәтте бүйкінә қыз бетін басып, жылап жіберді.
-Егер айтқың келмесе қыстамаймын-деп Ривель үнсіз қалды.
-Жоқ, айтамын. Есімім Элина. Тегімді білмейді екенмін. Себебі мен жетім қызбын..
-Сен туралы толық білгім келеді.
-Элина.. Жасым 19 да. Кішкентай кезімде ата-анам мені жетім етті. Мектепті бітіргенше жетімдер үйінде өмір сүрдім. Одан кейін бостандыққа шығып, университетке оқуға тапсырдым. Бағым ашылып, оқуға түсіп,бақытты өмір сүре бастадым. Бір жыл өтті… 2 курс студенті атандым.. Сол кездердің бірінде мені біреулер ұрлап кетті. Көлік ішінде көз жасымды төгіп, оларға жалбарындым. Олар қатыгездік танытып ескі қоймаға әкелді. Ұрды… Қолымды лезбемен тілді.. Жан дауысым шыққан кезде, олар өз істеріне масаттанып, күліп тұрды. Денеме тиген ащы соққыларға шыдай алмай, естен тандым. Көзімді ашсам мына тар қапастан бір шықтым…-деп көзіне жас алды.
Элина жылап жатса Ривель жұбатуға да тырыспады. Себебі жігітте аяушылық сезім төмен еді.
Қыз ішіндегі сырын айтып, біраз жеңілдеп қалды.
Элина аянышқа толы көздерімен жігітке қарап:-Бұл жерден өзіңмен ала кетші- жалына үн қатты.
Ривельде аяныш сезімі болмағандықтан, түк деместен тұрып, кетіп бара жатты.
-Ең болмағанда бұл жерден шығаршы. Саған масыл болмаймын..
Ривель қыздың әр сөзін естігенімен, түк естімегендей шығып, есікті кілтеді. Бұл жолы кілтті дәрігерге бермей, өзімен ала кетті..

Көз татарлық вилла.. Сырты әдемі болғанымен, іші толған ұрыс.. Тағыда айқай басталды…
-Бұл жерден кетемін. Сосын маған өзің жалбарынып келесің-деп Хелли ашулана сөйледі.
Өзін әзер ұстап тұрған еркекке, бұл сөз шамына тиді. Гари әрі қарай әйелінің сөзін тыңдаудан жалығып, айналадағы заттарды қирата бастады. Хелли өзінің Бразилиядан сатып алған әйнек құмырасын сынғанын көріп, жылап жіберді. Мың жаққа шашылған әйнекті ұстаймын деп қолын кесіп алды. Қолынан аққан қанды көріп, шыдатпай өкіріп жылады.
Гари әйелінің жылағанын көрседе, түк істемей қатқан ескерткіштей тұрып тұрды.
-Мам-деп Ривель есік жақтан жүгіріп келді. -Қолыңа не болды? -деп анасының саусағын үрлей бастады.
Баласының өзін жақсы көретінін көріп, Хелли еріксіз жымиды.
-Бәрі дұрыс- Хелли бөлмесіне қарай кетті.
Ривель әкесінің осылай тұрғанына дым деместен, жоғарыға қарай кетті. Себебі ол әкесі мен анасын бірдей жақсы көретін..

Мені кім таныды? “Сүйемін” хикаясын жазған автор..

жалғасы: 200 15 коммент 5 репосттан соң шығады.

Rauf & Faik – Вечера
продолжительность = 0.42 мин.